«Астана» велоклубы Алексей Луценкомен келісімшартты ұзартты

«Астана» велоклубы Алексей Луценкомен келісімшартты ұзартты

 «Астана» велокомандасы Алексей Луценкомен келісімшартты ұзартты. Осылайша Қазақстан чемпионы Еуропаның ең үздік велоклубтарының бірінде кем дегенде 2020 жылдың соңына дейін өнер көрсетеді, деп хабарлайды prosports.kz сайты «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алексей Луценко «Астананың» намысын сонау 2013 жылдан бері қорғап жүр. 2012 жылы жастар арасындағы әлем чемпионы атанғаннан кейін бірден «Астана» сапына іліккен. Содан бері, міне, алтыншы жыл. Алексей осы аралықта біраз жарыстарда топ жарып, көптеген көпкүндіктерде үздіктер қатарынан көрінді.

Жалпы, 25 жасар Луценко биылғы маусымда Қазақстан чемпионы атанып қана қоймай, «Оман турында» жеңімпаз атанып, «Аустрия турының» бір кезеңінде топ жарған. Сонымен қатар, «Джиро д’Италия» көпкүндігінде команда капитаны Мигель Анхель Лопестің үздік үштіктен көрінуіне орасан үлес қосты.

<span> </span><span> </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или