Танел Кангерт таулы аймақта таңғалдырды

Танел Кангерт таулы аймақта таңғалдырды

«Астана» велокомандасының шабандозы Танел Кангерт «Тур де Франстың» соңғы таулы кезеңін түгелімен дерлік алдыңғы қатарда өткізді.

Кангерт 19-кезеңде ең белсенділердің бірі болып, басымдылығын соңғы асуға дейін сақтап келді. Нәтижесінде қазақстандық команданың шабандозы мәреге 16-болып келіп, Коль д’Обиск асыунда жеңімпаз атанған словениялық Примож Рогличке 3 минут, 57 секунд уақыт жеңілді.

- Мен бұл жолы да алдыңғы қатарға озып шығып, жеке шапқым келді. Бірақ, бұл жолы көшбасшылардың легіне шыдас беру қиын болды. Одан кейін амал жоқ, өз қарқыныма көштім. Енді біздің команда үшін тағы екі кезең бар, - деді Танел Кангерт.

Лурд пен Ларенсті жалғаған 205,5 шақырымдық жарыс жолы «Тур де Франстың» ең соңғы таулы кезеңі болды. Шабандоздар кезең барысында 6 асуды бағындырса, оның екеуі ең жоғарғы санаттағы жоталар болды. «Астана» капитаны Якоб Фульсанг сары жейделі көшбасшы бар топтың құрамында болды. Кейіннен тіпті шабуылға да шығып көрді. Алайда, көптеген шабуылдардың салдарынан ол төмен сырғып қалды. Дегенмен, ол 20-болып мәре сызығын кесіп, жеңімпазға 7 минут, 18 секунд жеңіліп қалды. Соңғы екі кезең алдында Фульсанг жалпы есепте 12-орын алып тұр. - Бүгінгі кезеңге байланысты айтар болсам, қарсыластар жасаған шабуылдарға дер кезінде жауап қата алмадым. Өзімде шабуылдарға шығып, алға озғандармен бірге болғым келді. Бірақ, сол сәтте ұзаққа кете қоятын шама болмады, амалсыз пелетонға қайта қосылдым. Бүгін қолымнан келгеннің бәрін істедім, бірақ ол жеткіліксіз болды, - деді Якоб Фульсанг.

- Біз үшін бұл «Тур де Франстың» сәтті болуы қатарынан жеңген 2 кезеңіміздің арқасы. Алдымызда әлі 2 күн бар. Әрине, бүгін Фульсангқа көп үміт арттық. Алғашқы аптада бір құлап тұрғаны оған кері әсер еткені анық. Толықтай жарақатынан айыға алмаған сыңайлы. Біз енді осы кезге дейінгі жарыстарды сараптай келе соңғы күндері қандай амал қолданарымызды шешеміз. Қалған 2 кезеңде тағы бір ұмтылыс жасап, үшінші жеңісті көздеп көреміз, - деп қоса кетті спорттық менеджер Дмитрий Фофонов.

«Тур де Франстың» 20-кезеңі Сен-Песюр-Нивель мен Эспелета аралығында өтеді. Жекелей уақытқа арналған сын 31 шақырымдық жарыс жолында өтпек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или