18 кезең. Соңғы таулы кезең алдындағы спринт

18 кезең. Соңғы таулы кезең алдындағы спринт

Кеше Францияда «Тур де Франс» суперкөпкүндігінің 18-кезеңі өтті. Шабандоздар Три-сюр-Баиз бен По аралығындағы 171 шақырымға созылған жазық жолды жүрді. Кезең көпшілік күткендей-ақ жаппай спринтпен аяқталып, франциялық Арно Демар жеңімпаз атанды. «Астана» сапында алғашқы 20-лыққа кірген Магнус Корт қана болды.

- Жарыс күні аса қатты ауыр болған жоқ. Негізінен спринтерлік командалар жағдайды уыстан шығармады. Енді соңғы таулы кезеңге дайындалуым керек, - деді Якоб Фульсанг.

«Тур де Франстың» барлық көшбасшылары бір топ болып мәре сызығын кесті. Сонымен жалпы есепте аса қатты өзгеріс орын ала қойған жоқ: британиялық Герант Томас сары жейдені сақтап қалса, «Астана» капитаны Якоб Фульсанг 10-орынында қала берді.

- Біздің шабандоздар үшін бүгін өте сабырлы әрі қалыпты жарыс болды. Өзге командалар жағдайды бақылауда ұстаған соң бізге тіпті ыңғайлы еді. Бұлай болғаны бізге жақсы еді, себебі осының алдындағы үш кезеңде белсенді болып, алдыңғы қатарда жүрдік. Магнус Кортқа бүгін жақсы позиция алу қиынға соқты. Бірақ, ол тағы бір мүмкіндікке ие. Бүгінгі жарыс жігіттерге сәл де болса тынығып, ертең өткелі тұрған ауыр кезеңге дайындық іспеттес болғандай, - деді спорт менеджері Дмитрий Фофанов.
Ертең «Тур де Франста» 19-кезең өтеді. Соңғы таулы кезең 200,5 шақырымға созылып, Лурд пен Ларенс аралығын байланыстырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или