Тур де Франс. 17 кезең. Танел Кангерт – ең белсенді шабандоз
«Тур де Франста» ең қысқа әрі шешуші кезеңнің бірі болып өтті. Баньер-де-Люшон мен Сен-Лари-Сулан аралығындағы 65 шақырымда шабандоздар үш бірдей белесті бағындырды.

«Астана» командасының шабандозы Танел Кангерт 17-кезеңнің нәтижесі бойынша ең белсенді шабандоз боп танылды. Ол барлық 65 шақырымның 57 шақырымында алдына жан салмады.

Кангерт шабуылға алғашқы шақырымнан бастап шықты. Алғашқы асудың алдында оған тағы екі шабандоз келіп қосылып еді, бірақ кейіннен Кангерт қайтадан жалғыз қалды. Танел бар күшін салғанымен, оны жарыс аяқталуға 8 шақырым қалғанда қарсыластар қуып жетті.

- Жарыс бастала салысымен алғашқы шақырымдардан-ақ шабуылға шықтым. Бұл кезеңді жекелей сын ретінде қабылдап, соңына дейін бір деммен жүріп өткім келіп еді. Алғашқы асуда қасыма серіктер пайда болғандай еді, алайда кейіннен олар шыдас бере алмады. Мен осы кезеңдегі жеңіске ұмтылып едім, болмады. «Ең белсенді шабандоз» атағы мен үшін жай жұбаныш қана болып отыр. Жалпы, бүгінгі жарысқа көңілім толады, тек соңғы асу мен үшін тым ұзақ болып кетті. Қолымнан келгеннің бәрін істедім, алайда көздеген мақсатыма жете алмадым, - деді Танел Кангерт.

17 кезең жалпы есептегі тартысқа да қатты әсерін берді. Соңғы шешуші асу Коль-дю-Портеге келгенде көшбасшылар бірін бірі шабуылдады. «Астана» капитаны Якоб Фульсанг Йеспер Хансен мен Омар Фрайленің арқасында мықтылардың арасында жүрді. Соңына қарай ол өз қарқынымен жүруге мәжбүр болды. Ал мәре сызығында ол 15-нәтиже тіркеді де, кезең жеңімпазы Наиро Кинтанаға 4 минут уақыт жеңіліп қалды.

- Соңғы шабуылдар басталғанға дейін өзімді жақсы сезініп келіп едім. Сосын өз қарқынымды көрсетіп, 100 пайыз күшімді сарп еттім, бірақ қарсыластар менен де мықты болып шықты, - деді Якоб Фульсанг.
Сонымен, 17 кезеңнің қорытындысы бойынша Якоб Фульсанг жарыс лидері Герант Томасқа 9 минут, 31 секунд жеңіліп 10-орынға табан тіреді.

Ертең жарыстың 18-кезеңі. Ол Три-сюр-Баиз бен По аралығындағы 171 шақырым жолда өтпек.