Алматыда студенттер арасында футзалдан Әлем чемпионаты өтеді

Алматыда студенттер арасында футзалдан Әлем чемпионаты өтеді

Биыл 19-26 тамыз аралығында Алматы қаласында студенттер арасында футзалдан Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

<span>Қазақстан студенттер арасындағы футзалдан 2018 жылғы Әлем чемпионатын өткізу құқығын 2015 жылы қазан айында жеңіп алған болатын. </span>

<span>ТМД елдері аумағында алғаш рет өткізілетін жарысқа әлемдегі жиырмадан астам ең мықты студенттік құрамалар қатысады деп күтілуде. </span>

<span> Ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасының Студенттік спорт федерациясы және Ұлттық студенттік лигасы. Сонымен қатар ұйымдастыру комитетінің құрамына ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Алматы қаласының әкімдігі кіріп отыр.</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или