«Астана» велоклубы «Тур де Франстың» екі кезеңінде жеңімпаз атанды

«Астана» велоклубы «Тур де Франстың» екі кезеңінде жеңімпаз атанды

«Тур де Франс» велокөпкүндігінің 14-ші кезеңінде жеңіске жеткен «Астана» командасы мәртебелі жарыстың 15-ші кезеңін де өз еншісіне жазды. Бұл жолы қазақстандық клубқа даниялық Магнус Корт жеңіс сыйлады, деп хабарлайды Prosports.kz Президенттік клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін «Тур де Франс» турнирінде демалыс. Ал кеше шабандоздар Мийо мен Каркасон қалаларының аралығын жалғап жатқан 181,5 шақырымдық қыратты кезеңді бағындырды.

Алғашқы жоталы кезеңге жеткенде-ақ пелетон бірнеше үзікке бөлініп, «Астананың» даниялық жігіттері Михаэл Вальгрен мен Магнус Корт көшбасшылармен қатар алға ұзап кетті. Ал мәреге жеті шақырым қалғанда Магнус «Бахрейн Мерида» командасының испаниялық шабандозы Йон Изагирре және голландиялық Бауке Моллемамен бірге шабуылға көшті де, спринттік жарыста бәсекелестерін оп-оңай шаң қаптырып кетті. Одан кейін төртінші болып мәреге Вальгрен де жетті.

- «Тур де Франс» көпкүндігіне бірінші рет қатысып отырмын. Маған осындай мүмкіндік берген клуб басшыларына алғысым зор. Бұл жарыста жеңіске жетуді көптен бері армандадым. Кеше Омар Фраиле жеңіске жеткеннен кейін бұл «Тур де Франста» бәрі де мүмкін екендігіне көз жеткіздім. Мәреге жақындағанда бәрі де жақсы боларын сезіп, сабырлықты соңына дейін сақтадым да, оңтайлы сәт жеткенде бәсекелестерімнен ұзап кетуге тырыстым. Бәрі мен үшін жақсы аяқталды, - деді Магнус Корт

Осылайша қатарынан екінші кезеңде жеңіске жеткен «Астана» командалық есепте төртінші орынға көтерілсе, жалпы есепте елордалық клубтың капитаны Якоб Фульсанг 9-шы орнын сақтап қалды. Қазір ол жарыс көшбасшысы Герант Томастан 6 минут 14 секундқа алда. Алда «Тур де Франстың» соңғы аптасы қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или