Магнус Корт: Спринт өте жылдам болды
- Спринт өте жылдам болды. Финалдағы бұрылыстардың көптігінен дұрыс позиция табу қиынға соқты. Бір мезетте Филипп Жильбермен бірге келе жатқанымды түсіндім. Алайда оның соңынан жүрмей, пелотонда қалып, спринтті күтуді жөн санадым. Бірақ кезең соңында Филипп Жильбердің ізіне түскенім дұрыс шешім болар еді деп ойладым. Әрине, жарыстан кейін айтуға оңай. Дегенмен спринтте бағымды сынауға мүмкіндік туғанына қуаныштымын, - деді Магнус Корт.
13-кезең нәтижесі бойынша британиялық Герант Томас «Тур де Франс» велододасының бас классификациясының көшбасшылығын сақтап қалды. «Астана» капитаны Якоб Фульсанг көшбасшыға 5 минут 45 секунд уақыт ұтылып, 10-орынды иемденді.
Ертең Сен-Поль-Труа-Шато мен Манд арасын жалғайтын көпкүндіктің 14-кезеңі өтеді. Жарыс жолының ұзақтығы 188 шақырымды құрайды.