Әлем футболы

ӘЧ-2018. Финал есебін дәл тапқан алматылық әйел тіккен ақшасын 135 есе көбейтіп алды

news-banner7
mobile-news-top

Әлем чемпионатының жеңімпазын ғана емес, Франция-Хорватия матчының есебін де дәл тапқан Алматы тұрғыны аз ғана тіккен ақшасын (1000 теңге) еселеп, 135 мың теңге жеңіп алды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Ресей азаматы Елена Рогожина Бішкектен Алматыға бірнеше жыл бұрын көшіп келген. Өмірін, айналасын өзгерткісі келіпті. Қалаға келген соң тұрмыстық техника мен электронды құрылғы сататын ірі компанияға жұмысқа тұрған екен.

Бұдан бұрын спортқа ешқандай әуестігі болмапты. Бірақ әріптесі букмекерлік кеңсенің түбіртегін көрсеткенде бәрі өзгереді. Германия – Оңтүстік Корея матчында 2:0 есебімен кәрістер жеңеді деп 2,5 мың теңге тіккен жігіт 300 мың теңге ұтысқа кенелген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер