Спорт жаңалықтары
Әлем футболы

Бельгия - Англия: Сұрмергендер тартысы

Бельгия - Англия: Сұрмергендер тартысы
news-banner7
mobile-news-top

Ресей жерінде жалауын көтерген Әлем біріншілігі жанкүйер қауымның жанарын жаулап алғаны сөзсіз.

Ғаламдық доданың топтық кезеңі аяқталып, плей-кезеңінің көрігі қызып жатыр. Анығын айтқанда Әлем біріншілігі аяқталуға жақын. Алда бар болғаны екі матч ғана қалды.

Биыл жартылай финалға тек еуропалық құрамалар шықты. Ақтық сынға жолдама алу үшін Франция футболшылары Бельгия құрамасын жеңді. Ал Хорватия құрамасы Англиядан айласын асырды.

Дәстүр бойынша осы екі жұпта жеңіліс тапқан Бельгия мен Англия құрамалары чемпионаттың қола жүлдесіне таласады.

Егер Бельгия құрамасы жеңіске жетсе Әлем чемпионатындағы ең үздік нәтижесіне қол жеткізеді. Олардың бұған дейінгі ең жақсы көрсеткіші - 1986 жылы төртінші орын алған.

Ал Англия құрамасы жеңіске жетсе өз елінен тыс жерде қол жеткізген үздік нәтижесі болмақ. Олар 1990 жылы төртінші орынға ие болған. 1966 жылы өз елінде өткен Әлем чемпионатында топ жарғанын да айта кетейік.

Бір қызығы, осы кезекті чемпионатта ең көп голды осы екі құрама соғып отыр. Бельгия құрамасының еншісінде 14 гол. Ал англиялықтар 12 гол соқты. Демек, бүгінгі ойында да көп гол соғылуы әбден мүмкін.

Болжам: Тотал (2.5) көп - 1.66 коэфицент.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер