Алматыда бірінші түнгі велошеру өтеді
Шілденің 14-і күні алып шаһарда осы жылғы бірінші түнгі велошеру өтеді, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өтетін велошерудің қашықтығы 7 шақырымды құрайды. Кез келген қала қонақтары мен тұрғындары «Нұрлы Тау» бизнес орталығына кешкі 20:00-де жиналып, спорттық шара 20:30-да бастайды.

Әуесқойлар Әл-Фараби даңғылымен көтеріліп, Тұңғыш Президенті саябағында мәреге жетеді. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Басты сыйлық – велосипед.

Ұйымдастырушылар өз тарапынан, қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығын ескертеді.

Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің оныншысы болып саналады.