Велоспорт

«Австрия турының» алтыншы кезеңінде Алексей Луценко топ жарды

«Австрия турының» алтыншы кезеңінде Алексей Луценко топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «Австрия туры» көпкүндігінің алтыншы кезеңі өтті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бұл кезеңде «Астана» командасының шабандозы Алексей Луценко топ жарды. Мәре сызығын екінші болып словениялық Матей Мохорич кесті. Ал үздік үштікті Wanty – Groupe Gobert командасының норвегиялық спортшысы Одд Кристиан Эйкинг түйіндеді.

«Австрия туры». 6-шы кезең.

Книттельфельд – Венигцелль. 167,4 шақырым

1. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») – 4.19,25
2. Матей Мохорич (Словения, Bahrain Merida) – 0,07
3. Одд Кристиан Эйкинг (Норвегия, Wanty – Groupe Gobert) – 0,50
4. Локлен Мортон (Аустралия, Dimension Data) – 0,54
5. Симоне Стербини (Италия, Bardiani – CSF) – 0,59
6. Анхель Мадрацо (Испания, Delko Marseille Provence KTM) – 1,03...

Жалпы есеп (6-шы кезеңнен кейінгі)

1. Бен Херманс (Бельгия, Israel Cycling Academy) – 17.33,13
2. Херман Пернстайнер (Австрия, Bahrain Merida) – 0,18
3. Дарио Катальдо (Италия, «Астана») – 0,48...


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер