Әлем футболы

Әлем чемпионатының төрешісі парамен ұсталып, өмір бойына футболдан шеттетілді

Әлем чемпионатының төрешісі парамен ұсталып, өмір бойына футболдан шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

2018 жылғы Ресейдегі Әлем чемпионатында жұмыс істеу үшін іріктелініп алынған кениялық төреші Айден Рэндж Марва пара алғаны үшін өмір бойына футболдан аластатылды. Ол мундиальда бас төрешінің көмекшісі ретінде қатысуы керек болған, алайда сонша іріктеуден өткен төреші парамен ұсталды.

Бұл туралы Африканың футбол конфедерациясының парақшасында хабарланды. Марваның пара алып тұрған сәті деректі фильмге түсіп қалған. Ол Африка континентальдық турнирінде 600 доллар көлемінде пара алған. Әлем чемпионатында төрелік ететін төреші түсіп ұалған декъректі фильмді Ганадан келген журналист Анас Аримеяв Анас түсіріп алған. Ал бұл фильм Африканың BBC телеарнасында көрсетілді.

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) әлем чемпионатында жұмыс істеу үшін жүзден астам төреші дайындады. Кениялық төреші жемқорлықпен айналысқандардың ішіндегі екінші болды.
Бұған дейін Сауд Арабиясының төрешісі Фахад әл-Мирдаси да парамен ұсталып, өмір бойы футболдан аластатылған болатын. Ол ұлттық кубок финалында командаға жеңіске жету үшін көмектесемін деп, олардан ақша талап еткен.

Түпнұсқасы: Stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер