Әлем футболы

Путин ширек финалда жеңілген Ресей құрамасына баға берді

Путин ширек финалда жеңілген Ресей құрамасына баға берді
news-banner7
mobile-news-top

Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Хорватияға жол беріп, жартылай финалдан құр қалған Ресей құрамасының жеңілісі туралы президенттің пікірін айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ жазды.

Дмитрий Песковтың сөздерінше, Ресей басшысы 1/4 финалдық кезеңде батылдық көрсеткен футболшылардың ойынына оң баға беріп, ұлттық құраманың барлық ойыншыларын және бас бапкер Станислав Черчесовты мундиальді қорытындылауға шақырған.

Сондай-ақ, баспасөз хатшысы президенттің Черчесовпен екі мәрте сөйлескенін атап өтті. Путин Хорватиямен өтетін матчтың алдында және ойын аяқталған соң бапкермен әңгімелескен.

Ел басшысының айтуынша, жеңіліске қарамастан оған аталмыш ойын ұнаған, сонымен қатар, ресейлік құраманың футболшылары соңғы сәттерге дейін барын салған.

Естеріңізге сала кетсек, футболдан Әлем чемпионатының 1/4 финалында Хорватиямен кездескен Ресей ұтылып қалған болатын. Олар негізгі және қосымша уақытта хорваттармен тең түсіп, пенальти сериясында 4:3 есебімен жеңіліс тапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер