«Қайрат» «Аятты» аямады

«Қайрат» «Аятты» аямады

УЕФА кубогінің элиталық кезеңіндегі жарқын жеңісінен кейін алматылық «Қайрат» футзал клубы ел біріншілігің төртінші тур аясында Рудныйдан келген қарсыластарын қабылдады.

Ойын басталысымен алғашқы голда көп күттірмеді. «Қайрат» ойыншысы Жоанның алаң ортасынан алыстан шірене тепкен добы қақпа төрінде тулады. Дегенмен қарсыластарды бұл гол еш үрейлендірмеді. «Аяттықтар» бапкердің нұсқауымен, өздерінің әдеттегідей ойынымен кездесуді жалғастырды. Қонақтар «Қайрат» шабуылшыларын сауатты қарсы алып, әлсін жауап қайтарды. Дегенмен мұндай тактикамен «Қайратты» жеңу мүмкін емес еді. Өз кезегінде алматылықтар екпіндерін үдете түсіп, шабуылдардың бірінде Пенгрин Мырзабаевтың айып алаңында берген пасын қарсылас қақпасына әдемі соқты. Қарсыластар да қателіктерге бой алдыра бастады. Сондай сәттердің бірінде Лопатюк Бароннан допты еш қиындықсыз тартып алып, Игитаны қапы қалдырды. Гол жіберіп алғаннан кейін, Какау шәкірттері бірден жинақы ойнап тек қарсылас қақпасын көздеумен болды. Әдемі комбинациямен өрілген шабуылдардың бірінде Жоан жеке шеберлігінің арқасында командасын алға жетеледі. Жаманқұловтың пасын пайдасына жарата білген Пенгрин де командасына ұпай әкелді.

Кездесу «Қайрат» ойыншыларының басымдылығымен өрбіді. Матч бойында командаластарына әдемі пастар шығарып беріп отырған Жаманқұлов та өзіне келген мүмкіндікті голға айналдыра білді. Бірінші тайм аяқталар тұста, Жоан хет-триктің авторы атанды.

Екінші тайм, қонақтар сапындағы Константин Чебатаревтің Игита қақпасына салған күтпеген голынан басталды. Дегенмен «Аяттың» қуанышы көпке созылмады. Қайраттың белді ойыншысы, қандасымыз Жаманқұлов қарсылас қақпашысын керемет алдап өтіп екі бірдей қорғаушының арасынан дәл теуіп, «Аят» қақпасын дәл көздеді.

Ойын аяқталар кезде, «Қайраттың» екі жас перісі Балтабаев пен Парух алаңға шықты. Бас бапкер Какау жастарды әр матч сайын, маңызды ойындарға шығарып шыңдауды жөн көріп жүр. Жас футзалшылар да ойынның тамырын дөп басып, командаластарына ел біріншілігіндегі маңызды кездесулердің бірінде жеңіске жетуге септігін тигізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или