Шілденің 8-і күні алып шаһарда Астананың 20-жылдығына арналған велошеру өтеді, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өтетін велошерудің қашықтығы 9 шақырымды құрайды. Қала қонақтары мен тұрғындары «Нұрлы Тау» бизнес орталығында 8:30-да жиналып, 09:00-де бастайды.

Әуесқойлар Шығыс айналым авто жолы, Төле би, Достық, Шевченко, Желтоқсан көшелерімен жүріп, Астана алаңында мәреге жетеді.

Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Басты сыйлық – велосипед. Велошеру «Challenge. Сенің жаңа қырың!» жобасы аясында финалдық бұқаралық жаттығуымен жалғасады.

Ұйымдастырушылар өз тарапынан, қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығын ескертеді.

Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің тоғызыншысы болып саналады.