Астананың 20 жылдық мерейтойына орай веложарыс өтті
Астананың 20 жылдық мерейтойына орай веложарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Astanatv баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін елордалық жасыл белдеудің аумағында спортшылар мен велосипедшілер 19 шақырымдық жолды бағындырды. Жарысқа 13 өңірден келген спортшылар мен №6 астаналық спорт мектебінің оқушылары қатысты. Байқау «Астана кубогы» республикалық веложарысы аясында өтті.
Елордалық спортшылар бұл жер жаттығуға қолайлы болғандықтан, жиі келуді жоспарлап отыр.
Юсуп Келигов, «Астана орманы» ЖШС басқарушы директоры: Бұл жерде балаларға және экстремалдарға арналған алаңдар бой көтереді. Сондай-ақ, алты шақырымдық кросс-кантри болады. Бізде адреналин алуды ұнататын жастар баршылық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или