Еліміздің үздік велоспортшылары Алматыда өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады
26 маусым күні велоспорттан Қазақстан Республикасының Ұлттық біріншілігі өтеді деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚР ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық чемпионатқа «Astana» командасының «қазақ» құрамы түгелдей таласпақшы. Олардың қатарында Алексей Луценко, Жандос Бижігітов, Андрей Зейц, Бахтияр Қожатаев, Даниил Фоминых, Никита Стальнов, Руслан Тілеубаев, Артем Захаров және Евгений Гидич пен ұлттық құраманың өзге де мүшелері бар.
Чемпионаттың ресми түрде ашылуы 26 маусымда өтеді, ал келесі күні қатысушылар жекелей сындағы чемпионды анықтайды. Қалған кезеңдерде командалық және жұптасып командалық жарысудан, сондай-ақ, топтық жарыстан жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімі белгілі болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или