русский язык
Әлем футболы

Португалия топтан екінші орынмен шықты

Португалия топтан екінші орынмен шықты

1/8 финалға өз тобынан бірінші орынмен шығуға жақын тұрған Португалия құрамасы соңғы минуттарда жеңісті ұстап қала алмай қалды.

В тобының үшінші турында Еуропа чемпиондары Иран құрамасымен кездескен. Қос команданың да плэй-офф кезеңіне шығуға мүмкіндігі болған. Португалияға ол үшін жеңілмеу жеткілікті еді, ал Иран жеңіске жетуге міндетті болған. Матчтағы алғашқы гол бірінші таймның аяғында соғылды. Рикарду Куарежма ғажайып соққымен еуропалықтарға алға шығарған.

Ал екінші таймда Криштиану Роналду пенальтиден есепті еселейтін мүмкіндікті пайдалана алмай қалды.

Осы жеңіс есебін сақтап қалса, Португалия топтан бірінші орынмен шыққалы тұрған. Дегенмен негізгі уақытқа қосылған қосымша уақытта төреші Португалия қақпасына пенальти белгіледі. Нүктеге келген Карим Ансарифард мүлт кетпеді – 1:1. Осылайша, Португалия 5 ұпаймен топта екінші орын алды. Енді 1/8 финалда команда Уругвай құрамасымен кездеседі.

Ал төрт ұпай еншілеген Иран болса, топтық кезеңді үшінші орынмен аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;