«Астана» велошабандоздары Қазақстан чемпионатына қатысады
Алматыда велоспорттан кезекті ел чемпионаты басталады. Оған «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының құрамына кіретін «Астана» велокомандасының қазақстандық шабандоздары да қатысады.
Қазақстан чемпионатының ақ жейдесіне «Астана» велоклубының Дмитрий Груздевтен басқа барлық қазақстандық шабандоздары қатысады. Нақты айтсақ, Алексей Луценко, Жандос Бижігітов, Андрей Зейц, Бахтияр Қожатаев, Даниил Фоминых, Никита Стальнов, Руслан Тілеубаев, Артем Захаров және Евгений Гидич ел чемпионатына қатысу үшін арнайы Алматыға келді. Ал Груздев жеке бағдарлама бойынша арнайы «Тур де Франс» жарысына қатысып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр Қазақстан чемпионатының топтық жарысында Артем Захаров ел чемпионы атанса, жеке жарыста Жандос Бижігітов жеңімпаз атанған болатын.
Жалпы айтқанда биылғы Қазақстан чемпионатына еліміздің барлық аймағынан 200-ге жуық шабандоз қатыспақ.
Қазақстан чемпионатының кестесі:
27 маусым
Сағат 10:00
Жекелей жарыс. 50 км, ерлер (элита)
Жекелей жарыс. 25 км, жасөспірімдер
Жекелей жарыс. 25 км, әйелдер
Жекелей жарыс. 20 км, бойжеткендер
28 маусым
10:00
Командалық жарыс. 50 км, жасөспірімдер
Жұптық-командалық жарыс. 25 км, бойжеткендер
29 маусым
09:00. Топтық жарыс. 120 км, әйелдер
16:00. Топтық жарыс. 60-80 км, бойжеткендер
30 маусым
10:00. Топтық жарыс. 120-140 км, жасөспірімдер
1 шілде
10:00. Топтық жарыс. 160-200 км, ерлер (элита)