Асау «Тұлпарды» «Қайрат» ауыздықтады

Асау «Тұлпарды» «Қайрат» ауыздықтады

3000 жанкүйер Қазақстандағы ең беделді командалардың ойынын тамашалауға келді. Мұның алдында алматылықтар «Тұлпардан» екі рет жеңілген. УЕФА Кубогының элиталы кезеңінде кек алудың жөні тіпті бөлек еді.

Алаңға «Тұлпар» мен «Қайрат» командалары шықты. Ойын жоғары жылдамдықпен басталып «Қайрат» ойыншылары «Тұлпарды» бірден қыспаққа алуда.  Қарағандылық қарамаржан Дуглас алғашқы қауіпті соққыны жасады. Доп қақпа бағанасынан қайтқан. Алесандре Мораес жауап қайтарды. Сәтсіз... «Тұлпар» қақпашысы Жеронимо командасын бірнеше рет құтқарды.  12-ші мнуттан қарағандылықтардың қақпашысы қақпадан шығып қателікке бой алдырды. Бірақ бұл жолы да «Қайрат» кешірімді болды. 13-і минут «Тұлпар» ереже бұзып стандартты орындауға Лео келді. Соққы... Гол! «Қайрат» алға шықты. Артынша да алматылықтар қарқыннан таймады. 17-і минутта «Тұлпар» алтыншы ойыншыны алаңға шығарып опық жеді. Қақпа бос қалған сәтте Алесандре Мораес қақпаны дәл көздеп есепті арттырды – 2:0. Тайм аяқталарда қарағандылықтар тағы бір өрескел қателік жіберді. Бірін-бірі түсіне алмаған «Тұлпар» ойыншылары допты өз қақпасына тоғытты. Артқа пас бермек болған Сидней Гомес қиыс теуіп допты өз қақпасына аттандырды. Бірінші таймның қорытындысы – 3:0.

Екінші таймда «Қайрат» абайлап ойнауды жөн көрді. Допты көбірек ұстауға тырысқан Какау шәкірттері «Тұлпар» ойыншыларын ереже бұзуға мәжбүрледі. Екінші таймның тоғызыншы минутында «Қайрат» тағыда алға шықты. Фумасаның пасынан Лео Сантана атына бір гол жазды. Ал ойынның 32-і минутында Нұрғожинға қызыл қағаз көрсетілді. «Тұлпардың» жағдайы тіпті мүшкіл. Қарағандылықтардың қатары кеміді.  36-шы минутта Фумаса қақпашымен бірге-бір шығып қақпа саңлауын дәл тапты – 5:0. Дегенмен, «Тұлпар» бір голмен жауап қайтара алды. Бірақ өз қақпасына гол соққан – «Қайрат» ойыншысы Пенгрин. Ойын шиеленіскен сәтте төрешімен сөзге келмеген  қарағандылық қақпашы Жеронимо алаңнан қуылды. Артынша Жоан шешуші голдың авторы атанып командасына жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп – 7:1.

УЕФА Кубогы. Элиталы кезең. 3-ші тур.

«Қайрат» - «Тұлпар» - 7:1

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или