УЕФА кубогы. «Танго» мен «ВитЭн» тең түсті

УЕФА кубогы. «Танго» мен «ВитЭн» тең түсті

Футзалдан УЕФА кубогы аясында элиталы кезеңнің 3-ші тур кездесулері өтуде.

Босниялық «Танго» топтағы үшінші орынға таласта Белорусьтің «ВитЭн» командасымен кездесті.

Матч өте тартысты өрбіді. Қос ұжым өткен екі кездесулерінде жеңіліс тапқан болатын. Ойынның екінші минутында есепті «Танго» ойыншысы Радмулович ашты. Екі минуттан кейін белорус ойыншы Крыкун таразы басын теңестірді. Артынша, Радмулович дубль жасап, командасын алға шығарды. Төрт минуттан соң Черник есепті -2:2 қылды. Бірінші тайм аяқталуына бір минут қалғанда Алейников жойқын соққымен гол соқты – 3:2. Осылайша, алғашқы тайм «ВитЭннін» жеңісімен аяқталды.

Екінші таймның басында «ВитЭн» қақпашысы Щербани қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Бұл мүмкіндікті сәтті қолданған «Танго» ойыншысы Гушо есепті қайта теңестірді. Алайда, бір минуттан кейін «ВитЭн» ойыншысы Крыкун екінші голын соғып өз командасын алға шығарды. Дегенмен, ойын бітуіне үш минут қалғанда Радмулович хет-трик жасап жалпы есепті түйіндеді. Қорытынды есеп – 4:4.

УЕФА кубогы. Элиталы кезең. 3-ші тур.

«Танго»-«ВитЭн» - 4:4 (2:3)

Голдар: Радмилович 3, 10, 37, Гушо 34– Крыкун 5, 35, Черник 14, Алейников 19

«Танго» (Босния): Хасанспахич, Иконич, Хаджич, Юсич, Чампара, Сипович, Дюдерия, Танаскович, Гушо, Радмилович, Эрич, Делехасанович, Новоселац, Генго

«ВитЭн» (Беларусь): Щербаченя, Лихач, Савинцев, Алейников, Черник, Крыкун, Мороз, Юрага, Шиловский, Лемешко, Скварчевский, Федоричник, Агейчик

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или