УЕФА кубогы. «Қайрат»-«Танго»-9:0

Футзалдан УЕФА кубогының 2-ші туры аясында «Қайрат» «Танго» қарсыластарын ойсыратта ұтты.

«Қайрат» пен «Танго» командалары алаңға шықты. Алматылықтар ойын тізгінін бірден қолға алды. Матчтың алғашқы минутында-ақ «Қайрат» бірнеше гол соғатын мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады. Жерлестеріміз «Танго» ойыншыларын қыспаққа алды. Кездесудің төртінші минутында Димаш (Дінмұхамед) айып соққысын орындады, доп қақпа торына кірмеді. Арасыға бір минут салып, қақпашы Игита жойқын соққы жасады, алайда босниялық команданың қақпашысы қауіпті қайтара білді. «Танго» ойыншылары сәтті қорғануда. Леоға дәлдік жетіспеді. «Қайрат» «Тангоны» әбден әбігерге салды. Қарсылас ойыншылар орта шептен асалмай қорғанумен болды. Игита тағы бір жойқын соққы жасады, Делихасанович допты секіріп барып қайтарды. Жанкүйерлер күткен голды Жоан енгізді. Ойынның 13-ші минутында Бетао таза бразилиялық стильде допты қабылдап қақпаға қарамастан доты «өкшемен» тепті. Артынша, матчтың 15-ші минутында Бетаоға қарсы ойын ережесі бұзылып, төреші пенальти белгіледі. Нүктеге Лео жақындап қақпа саңалауын дәл тапты. 10 секунд өтті... Тағы гол! Бұл жолы Лео Сантана көзге түсті. «Қайратқа» қарсы амал таппаған «Танго» ойыншылары алтыншы рет ойын ережесін бұзды, алайда нүктеге жақындаған Пенгрин мүмкіндігін мүлт жіберді.

Екінші тайм «Қайраттың» шабуылдарынан басталды. Екінші минутта Николай Пенгрин Лео Сантананың пасынан қақпа бұрышын дәл көздеді. Артынша, Жоанның құйтырқы пасынан Барон гол соқты – 6:0. Какау жігіттері толық басымдыққа ие кез. Кездесу біраз тынышталды. Кездесудің 33 минутында Фумаса Жоанның тамаша пасынан есепті - 7:0 қылды. «Қайраттың» қарқыны мықты. Өмірінде мұндай қарсылыққа кез болмаған босниялықтардың естері ауып қалғандай. Матч аяқталуына төрт минут қалғанда жанкүйерлер шу ете түсті. Гол соққан – Серік Жаманқұлов. Бесінші нөміріміз қорғаушыны алдап өтіп қақпашы Делихасановичті жерге отырғызып кетті - 8:0. Ақырғы голды Лео өз атына жазды.

Қос матчта жалпы сомасы 18 гол соғып, 0 гол жіберген «Қайра» жексенбіде «Тұлпарды» қабылдайды. Алда қызық матч күтіп тұр...

УЕФА Кубогы. Элиталы кезең. 2-ші тур.

«Қайрат»-«Танго» - 9:0 (4:0)

Голдар: Жоан 10, Бетао 14, Лео 16, 38, Лео Сантана 17, Пенгрин 22, Барон 24, Фумаса 33, Жаманкулов 37

«Қайрат»: Халявин, Игита, Лео Сантана, Жаманқұлов, Жива, Пенгрин, Сүлейменов, Фумаса, Алешандре, Барон, Эулер, Жоан, Бетао

«Танго»: Хасанспахич, Иконич, Хаджич, Юсич, Чампара, Сипович, Дюдерия, Танаскович, Гушо, Радмилович, Эрич, Делехасанович, Новоселац, Генго

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или