Чемпионның ойыны. «Қайрат» «Витенді» тас-талқан етті

Чемпионның ойыны. «Қайрат» «Витенді» тас-талқан етті

Еуропа чемпиондарының ойынын тамашалауға келген жанкүйердің қарасы көп болды. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын жиналған үш мың жанкүйер қызықты ойын мен мөлшерсіз гол көруге келді.

Ойын жоғары жылдамдықпен басталды. Іске білек сыбана кіріскен алаң қожайындары допқа иелік етті. «Витен» қақпасның кілтін іздеген «Қайрат» ұзақ уақыт гол соға алмады.  Ақыры ойынның 4-ші  минутында  есепті  «Қайраттың» қорғаушысы Бетао ашты. Алмакезек шабулымен өрбіген ойында «Витеннің» де мүмкіндігі болған.  Алматылықтардың қақпашысы Игита өзіне сенімді еді. Ойынның 9-шы минутында белорусиялық Александр Черниктің соққысы қақпадан сәл қиыс кетті. «Қайрат» бірнеше соққымен жауап берген, мұда да дәлдік жетіспеді. Толықтай қорғанысқа «жатып» алған «Витен» гол өткізіп алмауға тырысты. Екпінді прессингке шыдас бермеген белорустардың қамалы 15-і минутта сыр берді. Фумаса Сүлейменовтан пас алып допты қақпашының бос бұрышына аттандырды. Шабуылды одан бетер үдеткен «Қайрат» есепті іріге жеткізді. Әдемі комбинация орындалып Бетао Леоге доп тастады. Соңғысы жойқын соққымен «тоғыздықты» дәл көздеді.

Екінші тайм басталысымен «Қайрат» есепті ұлғайтты. Лео Сантана бір қорғаушы мен қақпашыны алдап допты бос қақпаға тепті – 4:0. Матчтың 24 минутында Серік Жаманқұлов алаңға шықты. Ойынға жеңа леп әкелген қандасымыз Леоға әдемі пас беріп, бразилиялық қақпаны дәл көздеді. Тура бір минуттан кейін «Витен» қақпасына алтыншы гол кірді. Қақпашыны бесінші ойыншыға алмастырған қонақтар опық жеп қалды. Допты қарсыластан тартып алған Бетао үш ойыншының төбесінен асырып дубль жасады. Жеңістен үмітін үзе бастаған белорусиялықтар сонда да қайтпай бес ойыншымен гол соқпақ болды. Алматылықтарды екі минут қыспақта ұстаған «Витен» нәтиже шығармады. Керісінше керней түскен Какау шәкірттері жетінші голды соқты. Серік Жаманқұловтың пасынан Лео Сантана бос қақпаға доп аттандырды. Қарсыластар деңгейі әртүрлі. Жерлестеріміз «Витенге» ашық түрде «қорлық» көрсете бастады. Шабуылға Игита қосылаған сәтті өзгеше сипаттау қиын.  «Уақыт тезірек өтсе екен» деп нокдаунға түскен боксерларша бейберекет әрекет қылған белорусиялықтардың қақпасына сегізінші голды Фумаса соқты. «Сүрінге жұдырық». Пенгрин қорғаушылардың қателігін пайдаланып бос қақпаны дәл көзедеді.

Ең болмаса кіші футболда озықпыз. Ойынның өрнегіне айызы қанған жанкүйер «Қайрат» пен «Тұлпардың» ертеңгі ойынын тағатсыздана күтуде...

УЕФА Кубогы. Элиталы кезең. 1-ші тур.

АФК «Қайрат»-«Витэн» - 9:0 (4:0)

Голдар: Бетао 5, Фумаса 16, Лео 19, 24, 25, Сантана 21, 28

«Қайрат»: Халявин, Игита, Лео Сантана, Жаманқұлов, Жива, Пенгрин, Сүлейменов, Фумаса, Алешандре, Барон, Еулер, Жоан, Бетао

«Витэн»: Щербаченя, Лихач, Савинцев, Алейников, Черник, Крыкун, Мороз, Юрага, Шиловский, Лемешко, Скварчевский, Федоричник, Агейчик

Төрешілер: Иван Сабанов (Россия), Богдан Сореску,

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или