Мирко Марван: «Тұлпар төрттік финалда ойнауға лайық»

Футзалдан УЕФА кубогының элиталы кезеңіндегі алғашқы матчта қарағандылық «Түлпар» босниялық «Тангодан» басым болды. Кездесу соңынан қос команданың бапкерлері баспасөз маслихатына қатысып пікірлерімен бөлісті.

Әміржан Мұқанов, «Тұлпар» ФК бас бапкері:

- Бұл ойынға жақсы дайындалдық. Қарсыластың осал тұстарын жаттап алғанбыз. Ойыншыларымның жеке шеберліктері басым болғандықтан жеңіске жеттік деп ойлаймын.

Мирко Марван, «Танго» ФК бас бапкері:

- Қарсылас команданы бүгінгі жеңісімен құттықтаймын. Қатарында мықты ойыншылар көп екен. Бұл деңгейге жете қойған жоқпыз әлі. «Тұлпар» Қазақстан атынан төрттік финалда ойнауға лайық команда деп есептеймін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или