Какау: «Болашақта команданы қазақтың тумалары сүйреуі тиіс»

Қарашаның 21-24-і аралығында футзалдан УЕФА-ның элиталы кезеңі Алматыда өтеді.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өрбитін айтулы дода басталмас бұрын «Қайрат» өз базасында баспасөз маслихатын өткізді. Сондай-ақ, жиын барысында «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры қаржыландыратын «Астана» кәсіпқой спорт клубы алматылық командамен әріптестік туралы келісімшартқа қол қойды.

Юрий Мельниченко «Астана» ПКСК төрағасы:

«Қайрат» шетелде Қазақстанның атын шығарып жүрген команда ретінде кең танымал. Сондықтан алматылық командамен келісімге келуді жөн санадық. УЕФА Кубогы барысындағы қаржылық мәселелерді толықтай мойнымызға аламыз. Болашақта «Қайраттың» жаңа алаңы салынады. Алматылық клубтың атын бренд ретінде шетелде қалыптастыруды көздеп отырмыз.

Қайрат Оразбеков «Қайрат» футзал клубының директоры:

«Бұл қос тарап үшін аса тиімды әріптестік, тәжірибе алмасып үзенгілес болуды біз де қалаймыз. УЕФА Кубогына тоқталар болсақ, қарсыластың осалы болмайды. Барлық командалар мықты. Менсінбеушілік жоқ. Өз жерлестеріміз «Тұлпар» командасынан биыл екі рет ұтылдық, сондықтан қарымта қайтаруға тырысамыз»

УЕФА Кубогының иегері «Қайрат» биыл да жеңістен үмітті. Ең қызығы, қарағандылық «Тұлпар» да «Қайратпен» бір топқа түсті. Бас бапкер Какау алдағы матчтар оңай болмайтынын айтты.

КАКАУ «Қайрат» футзал клубының бапкері:

«УЕФА Кубогын ұтып алу бір бөлек, ал оны қолда сақтап қалу үлкен мәселе. Шын мықты болсақ оны дәлелдеуіміз керек. Командадағы көңіл-күй жақсы. Ойыншыларым сайдың тасындай іріктелген. Әсіресе Серік Жаманқұловтың қарқыны мықты. Қуантатыны сол. Болашақта команданы шетелдік ойыншылар емес, қазақтың тумалары сүйреуі тиіс»

Естереңізге сала кетсек, алғашқы ойындар бейсенбі күні өтеді. Сағат 18.00-де «Тұлпар» босниялық «Танго» клубымен күш сынасса, «Қайрат» 20.30-да «Витэн» командасымен кездесу өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или