Футзалдан UEFA кубогының жеребесі қашан тартылатыны белгілі болды
Футзалдан UEFA кубогының 2018/19 жылғы маусымға арналған жеребесі 5 шілде күні тартылады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Жеребе тарту рəсімі 5 шілде күні Швейцарияның Ньон қаласында өтеді. Алғашқы кезеңнің ойындары 2018 жылдың 28 тамызы мен 2 қыркүйегі арасында өтеді. Ал негізгі кезең матчтары 2018 жылы 2-7 қазан аралығында өтеді.
Биыл бұл турнирге Қазақстан атынан қос клуб қатысады. Алматылық «Қайрат» пен «Ақтөбе» футзал клубтары Еуропаның ең белді командаларымен күш сынасатын болады.
Естеріңізде болса, ЕURO-2018 турниріндегі жақсы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы Еуропа рейтингісінде төртінші орынға көтерілген еді. Осы көрсеткіштің арқасында 2018/19 маусымынан бастап UEFA Кубогына Қазақстаннан екі клуб қатысу мүмкіндігіне ие болған болатын.