«Giro d'Italia» Гранд-турының 16-шы кезеңінде Пейо Бильбао 23-ші болып келді
<span>Бүгін «Джиро д'Италия» Гранд-турының он алтыншы кезеңі өтті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.</span>
<span>Шабандоздар Трентодан Роверетто қаласына дейінгі 34,2 шақырымды жүріп өтті. </span>
<span>Бұл кезеңде BMC Racing Team командасының австралиялық шабандозы Роан Деннис жеңімпаз атанды. Ол белгіленген қашықтықты 40 минутта бағындырды. Ал одан 14 секунд кейін келген Team KATUSHA-Alpecin командасының германиялық спортшысы Тони Мартин екінші орынды иеленді. Үздік үштікті бельгиялық Том Дюмулен түйіндеді (+22 секунды). Ол Team Sunweb клубының намысын қорғайды.</span>
<span>Ал Astana Pro Team командасының сапынан үздік нәтижені Пейо Бильбао көрсетті. Қазақстандық клубтың испаниялық шабандозы мәреге 23-ші болып келді (+01:40).</span>
«Астананың» басқа шабандоздарының нәтижесі:
28. Алексей Луценко (Қазақстан) +02:09
35. Луис Леон Санчес (Испания) +02:27
50. Мигель Лопес (Колумбия) +02:47
58. Давиде Виллелла (Италия) +03:04
62. Андрей Зейц (Қазақстан) +03:14
157. Ян Хирт (Чехия) +06:02