Велоспорт

«Giro d'Italia» Гранд-турының 16-шы кезеңінде Пейо Бильбао 23-ші болып келді

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «Джиро д'Италия» Гранд-турының он алтыншы кезеңі өтті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Шабандоздар Трентодан Роверетто қаласына дейінгі 34,2 шақырымды жүріп өтті.

Бұл кезеңде BMC Racing Team командасының австралиялық шабандозы Роан Деннис жеңімпаз атанды. Ол белгіленген қашықтықты 40 минутта бағындырды. Ал одан 14 секунд кейін келген Team KATUSHA-Alpecin командасының германиялық спортшысы Тони Мартин екінші орынды иеленді. Үздік үштікті бельгиялық Том Дюмулен түйіндеді (+22 секунды). Ол Team Sunweb клубының намысын қорғайды.

Ал Astana Pro Team командасының сапынан үздік нәтижені Пейо Бильбао көрсетті. Қазақстандық клубтың испаниялық шабандозы мәреге 23-ші болып келді (+01:40).

«Астананың» басқа шабандоздарының нәтижесі:

28. Алексей Луценко (Қазақстан) +02:09

35. Луис Леон Санчес (Испания) +02:27

50. Мигель Лопес (Колумбия) +02:47

58. Давиде Виллелла (Италия) +03:04

62. Андрей Зейц (Қазақстан) +03:14

157. Ян Хирт (Чехия) +06:02

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер