RomaSport
Басқа

Қазақстан жеңіл атлетикасының 100-жылдығына орай ШҚО-да алғашқы жартылай марафон өтеді

Қазақстан жеңіл атлетикасының 100-жылдығына орай ШҚО-да алғашқы жартылай марафон өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Өскеменде «ALTAY HALF MARATHON» жартылай марафоны өтеді. 2018 жылы маусымның 3-інде еліміздің жеңіл атлетикасының 100-жылдығына орай, жаңа куәландырылған трассада жартылай марафон өтпек.

Спорттық мерекенің ұйымдастырушысы ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен облыстық жеңіл атлетика федерациясы, қалалалық дене шынықтыру және спорт бөлімін, сондай-ақ «Altay Athletics» «Спорттық кәсіби клубы» ЖШС-і.

Аталмыш шара бұқаралық спортты дамыту мақсатымен өткізіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлық және жүлделер табысталады. Одан бөлек, үздік спортшылар IAAF тарапынан лицензиялау және өлшеу жүйесінің арқасында одан да ірі додаларда бақ сынау үшін нормативтер орындауға мүмкіндік алады.

Жартылай марафонның сөресі мен мәресі маусымның 3-і күні сағат 10:00-де Ертіс жағалауындағы «Dedeman Oskemen Tavros» қонақ үйінің жанында болады.

Сайысқа қатысушылар мынадай қашықтықтарда сынға түспек:

  1. 9:00 – «ALTAY KIDS RUN 1000 m» балалар жүгірісі;

2001-2002, 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер

2001-2002, 2003-2004 ж.т. қыздар

  1. 9:20 – 2000 ж.т. және одан жоғары жастан бастап 2018 м-ге қайырымдылық жүгірісі;
  2. 10:00 – 18 мен 37 жас аралығындағы және одан жоғары ерлер мен әйелдер қатысуымен 21,097 шақырымдық жартылай марафон жарысы;

Мұнда еріктілер www.qazrun.kz республикалық ресми сайтында тіркеуден өтіп, марафонға қатыса алады. Ол жерде жарыс регламентімен толықтай танысып, одан кейін Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде өзіңіздің кеудеге тағылар нөміріңізді ала аласыз.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер