«Қайрат» «СКА-Юг»-тен басым түсті

Футзалдан Қазақстан чемпионатының екінші турында алматылық «Қайрат» «СКА-Юг»-пен кездесті.

Бас бапкер Какау негізгі құрамда мына ойыншыларды шығарды: Сүлейменов, Бетао, Жоан, Сантана. Екінші төрттікте Жаманкұлов, Лео, Алешандре мен Пенгрин болды. Игита жарақ

Асығып бірден шабуылға шыққан қонақтар қақпасына тез арад гол кірді. Былтыр «БТА-Футзал» командасында ойнаған Қайрат Күлбарақов допты өз қақпасына аттандырды.

Есін жиып үлгермеген «СКА-Юг» қақпасына «Қайрат» екінші гол соқты. Лео Сантана 10-ы минутта көзге түсті. Қарсыластар сапынан Фарход Абдумавлянов бір голмен жауап қайтарған, алайда Серік Жаманқұлов есепті қайта еселеді.

Екінші тайм басталысымен Бетао гол соқты. Артынша Сантан көзге түсті. «СКА Юг» ойын соңына дейін тағы екі голмен жауап қайтарды, алайда одан аса алмады. «Қайрат» болса соққыны жаңбырша жаудырып есепті іріге жеткізді – 9:3.

Футзалдан Қазақстан чемпионаты. 2-ші тур. Бірінші кездесу.

«Қайрат»-«СКА Юг» - 9:3 (3:1)

«Қайрат»: Халявин, Игита, Лео Сантана, Жаманқұлов, Пенгрин, Сүлейменов, Лео, Алешандре, Мырзабаев, Қосмұхамбетов, Парух, Жоан, Бетао, Балтабаев

«СКА-Юг»: Козулькин, Казаков, Идрисов, Александров, Мухамедияров, Кенжеғұлов, Күлбарақов, Серікұлы, Абдеш, Ирсалиев, Әбдішев, Абдумавлянов

Голдар: Кульбараков 2 (өз қақпасына), Лео Сантана 10, 24, 31 Жаманкулов 17, Бетао 22, 29, Лео 27, 36 – Абдумавлянов 12, Шарипов 25, Казаков 30

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или