Футбол бұзақысы «Астана» клубына 2 млн теңге төлейді

Астана қаласының Алматы аудандық сотының шешіміне сәйкес футбол бұзақысы Шамсулло Файзиев «Астана» футбол клубына 1968150 теңге төлейді, деп хабарлайды www.fca.kz.
Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың 23 қарашасында <span> «Астана Аренада» өткен УЕФА Еуропа Лигасы аясында «Астана» мен «Вилльярреал» (Испания) топтық кездесуінде Файзиев Шамсулло атты көрермен алаңға жүгіріп шығып, матчты тоқтатуға тырысқан. </span>
<span>Бұл оқиға үшін УЕФА «Астана» футбол клубына 5000 евро мөлшерінде айыппұл салды. Осы сомаға елордалық футбол клубы Файзиев Ш.К-ға материалдық зиянды өтеу туралы талап арыз берді.</span>
<span>«Астана Арена» </span> стадионында еуропалық клубы турнирлері немесе Қазақстан Кубогы ойындары кезінде енді мұндай оқиғалар қайталантын болса, <span>«Астана» клубы немесе ҚФК бұдан да көп суммаға жазаланатын болады.</span>