Атырауда танымал спортшылардың қатысуымен қайырымдылық веложарыс өтіп жатыр
Бүгін Атырауда қайырымдылық мақсатта веложарыс өтіп жатыр.
Жарысқа спорт саңлақтары, әлемге әйгілі спортшыларымыз, Олимпиада чемпиондары Александр Винокуров, даңқты спортшы Илья Ильин және «Астана» велокомандасының мүшелері қатысуда.
Жарыс өтеді деген хабарлама таратылған 1 ай уақыт ішінде тек онлайн желісі бойынша 900 адам ресми тіркелген. Сонымен қатар тағы 600 адам өз велосипедтерімен келді. «Сонда нобайы 1,5 мыңға жуық адам қатысып жатыр», – дейді ұйымдастырушылар.
Саламатты өмір салтын насихаттау және өңірдегі велоспортты дамытуға арналған шараға даңқты спортшыларымыз да арнайы келген. Қазір жергілікті уақыт бойынша сағат дәл 12:00-де велосипедшілердің алғашқы легі көмбеге жетіп үлгерді. Сонымен қатар қазір дәл осы алаңда үлкен концерт және аукцион ұйымдастырылады.
Қайырымдылық мақсаттағы бәссаудадан түскен қаражат Олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаңадан ашылған велоспорт бөліміне қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға аударылады. Өйткені велоспорт – Атырауда мүлде кенже қалған спорт түрленінің бірі.
Осы балаларға арналған спорт мектебінде алдағы уақыттарда 5-18 жас аралығындағы 80 бала жаттығатын болады. Міне, бүгінгідей шаралар осы велоспорт түрін жаңғыртып, болашақта олимпиада чемпиондарын тәрбиелеуге үлес қосады деген үміт бар.