Beautiful Football
Футзал

Першин: Тайнанға Қазақстан азаматтығын берудің қажеті жоқ еді

Першин: Тайнанға Қазақстан азаматтығын берудің қажеті жоқ еді
news-banner7
mobile-news-top

Ұлттық құрама ойыншысы Михаил Першин Қазақстан Ұлттық құрамасында бразилиялықтардың көбейіп кеткеніне алаңдайтынын айтты.

– Менің түсінігімде Қазақстанға келген шетелдік азамат паспортымызды алу үшін кем дегенде осында бес жыл демей-ақ қояйын, үш жыл тұруы тиіс деп есептеймін. Бұдан бөлек, осы елдің дәстүрін, менталитетін біліп, құндылықтарын құрметтеуі керек. Игита мен Лео – қазақ болып кеткен жігіттер. Дугласқа да әңгіме жоқ. Ол Қазақстан ұлттық құрамасында ойнау үшін қолынан келгеннің барлығын жасады. Шын жүрегімен қалады. Ал Тайнаннан соның бірін де байқамадым. Ұлттық құраманың намысын, артында миллиондаған қазақстандық жанкүйерлердің тұрғанын сезінген жоқ. Иә, келісемін, өте мықты ойыншы. Бірақ, түптеп келгенде Тайнан дер кезінде қажетті жерден табыла қалды. Қазақстанның Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шыққанын білді де, ойнағысы келетінін айта салды. «Қайратқа» да сол керек еді, тағы бір мықты легионерді «қазақ» қылды. Ал соның кесірінен Еуропа чемпионатына бір қазақ бара алмай қалды, - дейді Михаил Першин бұрынғы командаласы жайлы sportsffa.kz сайтына берген сұқбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер