Лео «Қайрат» футзал клубынан кетті

Лео «Қайрат» футзал клубынан кетті

«Қайрат» футзал клубының ойыншысы Лео командадан кетті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Алматылық клубтың баспасөз қызметінің жазуынша, ойыншының командадан кетуіне отбасылық жағдайы себеп болған. Келісімшарт екіжақты келісім бойынша бұзылып отыр.

Клуб басшылары Леоның алматылық команда үшін көп тер төккенін айтып, оның мансабына табыс тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Лео «Қайрат» сапында жүріп екі рет UEFA Кубогын, үш мәрте Еременко Кубогын, әлем Суперкубогын жеңіп алды. Сонымен қатар бірнеше рет Қазақстан Кубогының және Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или