«Қайрат» футзалдан Қазақстан чемпионы атанды

«Қайрат» футзалдан Қазақстан чемпионы атанды

Футзалдан Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңіндегі «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы төртінші кездесуде де алматылық команда жеңіске жетті. Кездесудегі есеп 6:2. 

Бұл ойын қос команда арасындағы теке-тірестегі төртінші матч болатын. 

Алдыңғы үшеуінде де алматылық ұжымның мерейі үстем болған. 

Төрт жеңіске дейін жалғасқан серияда 4:0 есебімен жеңіске жеткен алматылық «Қайрат» футзалдан Қазақстан чемпионы атанды.

«Ақтөбе» 2:6 «Қайрат»  (сериядағы есеп - 0:4)

Голдар: Бондарь 4, Эвертон 23 - Алешандре 2 , Тайнан 22, 25, 30, 40, Есенаманов 38

Алматылық «Қайрат» футзал клубы

Қазақстан чемпионы (16): 1995-96, 2003-04, 2004-05, 2005-06, 2006-07, 2007-08, 2008-09, 2009-10, 2010-11, 2011-12, 2012-13, 2013-14, 2014-15, 2015-16, 2016-17, 2017-18

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или