Алматыда велошерудің жаңа маусымы басталады

Алматыда велошерудің жаңа маусымы басталады

15 сәуірде «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту жобасы аясында дәстүрге айналған велошерудің ашылу маусымы өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ақпараттық және спорттық ХАБ «Нұрлы Тау» бизнес орталығынаң бастау алып, Тұңғыш Президенті саябағында аяқталатын 9 шақырымдық қашықтықтағы велошеруге кез келген қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алатынын хабарлайды. Спорттық шара 09:00-де басталады.

Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипедтер ойнатылады. Сонымен қатар, «Shamsi» тобы және әнші Adеmі өз өнерлерін ортаға салады. Одан кейін велошеру «Almaty Street Fitness» бағдарламасымен жалғасады. Кез келген адамға фитнесс-нұсқаушылар пайдалы кеңестер айтып, жаттығулармен таныстарады.

Ұйымдастырушылар барлық келем деушілерге өзінің қауіпсіздігі үшін арнайы шлем киіп келулерін сұрайды.

Айта кетер жайт, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің біріншісі болып саналады. Былтыр барлық велошеруге жалпы саны 21 мың адам қатысқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или