Какаудың «Қайраты» алматылықтардың алдында соңғы рет жеңіске жетті

Какаудың «Қайраты» алматылықтардың алдында соңғы рет жеңіске жетті

Футзалдан Қазақстан чемпионатының финалында бақ сынап жатықан «Қайрат» пен «Ақтөбе» командалары арасындағы екінші матч өтті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Алматылық команда үшін бүгінгі ойынның маңызы ерекше болатын. Себебі, клубтың бас бапкері Какау бүгін Алматыда қоштасу матчын өткізді.

Ұзақ уақыттан бері клубтың өте маңызды тұлғасына айналған Какауға көп құрмет көрсетілді. Ойын басталмас бұрын клуб басшылары даңқты бапкерге шапан жауып, алғыс білдірді.

Өз кезегінде ойыншылар да сүйікті бапкерлері үшін сый жасады. Матч бастала сала шабуылға шыққан «Қайрат» қарсыластарының қателігін пайдаланып алғашқы он секундта гол соғып кетті. Алғаш болып көзге түскен Тайнан болды. Бұдан кейін де тізгін тартпай шабуылдаған алматылықтар бірінші тайм аяқталғанда есепті 3:0-ге жеткізді. Соңғы екі голды Дуглас Джуниор соқты.

Ал ойынның екінші бөлігінде қос команда да қанжығаларын майлады. Әр команда екі голдан соғып, жиналған жанкүйерлерге жақсы матч сыйлады.

Финалдық кездесулердің қалған екі матчы Ақтөбе қаласында өтеді.

Қазақстан чемпионаты 2017/2018. Плей-офф. Финал. Екінші матч

«Қайрат» 5:2 «Ақтөбе»

Гол соққандар: Тайнан 9, Дуглас 4, 20, 22, 33 – Валенко 28, 36

6 сәуір, Алматы, СК «Зенит»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или