Ресми: Кака - «Қайрат» футзал клубының жаңа бас бапкері
Алматылық «Қайрат» футзал клубын енді тағы бір бразилиялық маман Пауло Рикардо Фигейро Силва баптайды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Бүгін, 2 сәуір күні жаңа бас бапкермен келісімшартқа қол қою рәсіміне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Клуб президенті Қайрат Оразбеков жаңа бапкер Каканы таныстырып, оның алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Журналистер Какаға көкейтесті сұрақтарын «жаудырған».
«Келісімшартқа қол қою үшін арнайы келдім. Қазіргі таңда «Югра» клубымен жұмысым аяқталған жоқ. Бүгін Ресейге қайтадан ұшіп кетем. Сіздердегідей ол жақта да чемпионат жалғасып жатыр. Маусымды аяқтаған соң алматылық команданы баптайтын болам. Какау да өз қызметін бітіріп команданы қолыма тапсыратын болады. Жалпы алматылық командадан ұсыныс түскенде ойланбастан келістім. «Қайрат» - аты шыққан әлемдік деңгейдегі топ клуб, - деді Кака.
Айта кетейік, команданы 2013 жылдан бері жаттықтырып келген Какау 2017/18 жылғы маусым аяқталған соң қызметінен кетеді. Ал Какамен келісімшарт 2 жылға жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или