Зарина Диястың табысы 2 миллион долларға жетті
Қазақсандық бірінші ракеткасы Зарина Дияс мансабындағы тапқан табысы екі миллион долларға жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span>Дияс Майамидегі WTA турнирінің 1/8 финалына шыққаны үшін 160 мың доллар сыйақы алды. Жарыс алдында 959 мың доллары болған қазақстандық теннисші екінші миллионына қол жеткізді. </span>
<span>Естеріңізде болса, Зарина алғашқы айналымда жергілікті теннисші Дженнифер Брэдиден басым түсті. Ал екінші айналымда ресейлік Светлана Кузнецовадан айласын асырды. Жарыстың үшінші айналымында жерлесіміз неміс теннисшісі Карина Виттхёфтты жеңді. Енді қазақстандық теннисші 1/8 финалда чехиялық Каролина Плишковамен кездеседі.</span>
<span>Қазақстандық теннисшілердің ішінде ең көп сыйақы алған Ярослава Шведова. Ол мансабында алты миллион доллардан көп табыс тапқан. Ал әлемдегі табысы көп теннисші - Серена Уильямс. Америкалық теннисшінің табысы 84,5 миллион долларды құрайды.</span>