Теннис

Зарина Дияс Майамидегі турнирдің 1/8 финалына шықты

Зарина Дияс Майамидегі турнирдің 1/8 финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақсандық теннисші Зарина Дияс Майамидегі WTA турнирінің 1/8 финалына шықты.

Жарыстың үшінші айналымында жерлесіміз неміс теннисшісі Карина Виттхёфтты жеңді.

Кездесу барысында Заринаны жарақаты мазалап бірнеше рет медициалық көмек алуға мәжбүр болды.

Ойынның алғашқы сетінде Зарина Дияс 4:6 есебімен жеңіліп қалған болатын. Алайда қалған екі сетте жерлесіміз жинақылық танытып 7:5, 6:0 есебімен жеңіске жете алды.

Естеріңізде болса, Зарина алғашқы айналымда жергілікті теннисші Дженнифер Брэдиден басым түсті.

Ал екінші айналымда ресейлік Светлана Кузнецовадан айласын асырды.

Енді қазақстандық теннисші 1/8 финалда чехиялық Каролина Плишковамен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер