Зарина Дияс Майамидегі турнирдің екінші айналымына өтті
Қазақстандық теннисшілер Зарина Дияс пен Юлия Путинцева Майамидегі WTA турниріндегі алғашқы кездесулерін өткізді.
Зарина жарыстың алғашқы айналымында жергілікті теннисші Дженнифер Брэдиден басым түсті. Кездесудегі есеп – 7:5, 7:6. Енді ол келесі айналымда ресейлік Светлана Кузнецовамен кездеседі.
Юлия Путинцева болса турнирдің 1/64 финалында румыниялық Моника Никулескумен кездесіп 2:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или