Live
Спорттағы коронавирус
Ел не демейді ...
Футбол

Месси: 8 жасымнан бой өсіру дәрісін егіп келдім

Месси: 8 жасымнан бой өсіру дәрісін егіп келдім

«Барселона» клубы мен Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Месси балалық шағы мен денсаулық мәселесі жайлы тіс жарды. Бұл жайлы Onefootball хабарлады.

«8 жасымнан бастап ата-анам маған дәрі егіп жүрді, ал 12 жасымда дәріні өзіме-өзім егетін жағдайға жеттім. Мен арнайы дәріс алып, күнде кешке бой өсіру гормонын аяғыма егіп жүрдім. Бірінші бір аяққа ал кейін екіншісіне егетін кездер де болды. Бұл жұмыс мені жалықтырып жіберетін. Мен оны істеуге мәжбүр едім және оны бұлжытпай орындадым», — деп ойымен бөлісті әлемнің үздік ойыншысы.

Айта кетейік, жас кезінде Месси өсу гормон тапшылығына зәру болған. Футболшымен келісімшарт жасағысы келген «Барселона», аргентиналықтың емін төлеп берген. Қазіргі таңда Мессидің бойы 169 сантиметрді құрайды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0