«Тиррено – Адриатико»: «Астана» велокомандасы топ жарды

«Тиррено – Адриатико»: «Астана» велокомандасы топ жарды

«Астана» велокомандасы Италияда өткен көпкүндік жарыстың үздігі атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты 24.kz-қа сілтеме жасап.

<span>«Тиррено – Адриатико» деп аталатын дәстүрлі додаға биыл 150-ден аса кәсіпқой шабандоз жиналды. Олар аптаға жуық уақыт өзара мықтыны анықтады. Осы аралықта спортшылар Тиррено және Адриатико теңіздерін жағалап, бірнеше қаланы басып өткен болатын. Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте қазақстандық клуб 1-сатыға орналасты. «Астана» шабандоздары алғашқы күндерден тізімнің басына шығып, өз орнын соңына дейін сақтап қалды. Ал жекелей сында астаналықтар жүлдеге іліге алмады. Ең тәуір көрсеткіш Алексей Луценкода. Ол жалпы есепте 15-орынға тұрақтаса, оның командаласы Мигель Анхель Лопес бір саты төмен орналасты. Ал жарыстың бас жүлдесі польшалық Михал Квятковскиге бұйырды.</span>

<span>- Жарыс өте ауыр өтті. Әсіресе ауа райының аяқасты құбылуынан әртүрлі қиындықтар пайда болды. Бұрылыстарда аса сақ жүруге тура келді. Жарыстың соңғы бөлігінде өзімді сергек сезіндім. Соның арқасында топ жардым деп ойлаймын, - дейді жарыс жеңімпазы Михал Квятковски.</span>

<span>Айта кетейік, «Тиррено – Адриатико» көпкүндігі жаңа маусымның тұсаукесері саналады. Енді осы спортшылар алдағы сенбі күні «Милан – Сан Ремо» додасына қатысады. Одан кейін төрткүл дүние асыға күтіп отырған «Джиро д’Италия» бәсекесі бар. «Астана» клубының спорттық директоры Александр Шефердің айтуынша, қазақстандық команда бұл додада өзін жақсы жағынан көрсете алды. Ұжымдық жұмыс қалыптасып, тактикалық тұрғыдан тапсырмалар мүлтіксіз орындалды. «Енді осы қарқыннан таймай, алдағы додалардың жекелей сынында топ жару мақсаты тұр», – дейді «Астана» командасының спорттық директоры. <br /></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или