Блогбастер
Велоспорт

Велоспортты өзгерткен өлім

Велоспортты өзгерткен өлім
news-banner7
mobile-news-top

2003 жылы 12 наурызда Қазақстандағы талантты велошабандоздардың бірі көз жұмды.

Сол қайғылы сәттен бір күн бұрын «Париж - Ницца» көпкүндігінде Андрей Кивилев өзінің велосипедінен құлап, басы асфальтқа тиген болатын. Дәрігерлер спортшының өмірі үшін күрескенімен, құтақара алмады.

Отбасымен бірге Францияда тұратын Андрей сол жарыста өзіне таныс жолмен жарысқа шыққан. Мәреге 40 шақырым қалғанда ол өзінің командаласы польшалық Марек Руткевич және неміс Фолькер Ордовскимен соқтығысқан. Соның салдарынан асфальтқа баспен құлаған ол бірден естен танып қалды. Комада жатқан оны тікұшақпен Сент-Этьендегі тексеру орталығына жеткізді – Кивилев бас сүйегін зақымдап, екі қабыртқасын сындырып алған. Дәрігерлер бар күшін салғанымен, 2003 жылы 10 наурызда таңғы 10-да спортшы қайтыс болды.

Бірақ бұл қайғылы оқиға кәсіпқой және әуесқой велоспортқа өз әсерін тигізді. 2005 жылы Халықаралық велосипедшілер одағы жаңа ереже енгізді: енді шабандоздар жарыс кезінде велокаска киюге міндеттелді. Кивилевтің қазасы көптеген велошабандоздардың денсаулығына септігін тигізді.

Андрейдің ұлы Леонард өзінің әкесі туралы фильм түсірді, енді ол сол қайғылы оқиғаны тереңірек зерттемек. «Қаһармандар ешқашан өлмейді».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер