Еліміздің велоспортшылары Филиппиндегі жарыстан олжалы оралды
Қазақстандық велоспортшылар Филиппин елінде өткен халықаралық жарыстан олжалы оралды, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
Сан-Матео қаласында аптаға жуық уақыт маунтинбайк шеберлері өзара мықтыны анықтаған болатын. Оған еліміздегі Олимпиадалық даярлау орталығының 6 шәкірті қатысты.
Араларынан Денис Сергиенко мен Татьяна Богданова күміс жүлдегер атанды. Тыныс Ақанов баптайтын қыз-жігіттер маунтинбайктың «Кросс-Кантри Олимпик» түрі бойынша сынға түскен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или