«Астана» президенттік клубының мәселесі жақын арада шешіледі - Мұxамедиұлы

«Астана» президенттік клубының мәселесі жақын арада шешіледі - Мұxамедиұлы

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы «Астана» президенттік клубын қаржыландыру мәселесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

<span>«Бәріңіз жақсы білесіздер, «Самұрық-Қазына» қоры «Астана» президенттік клубын Мәдениет және спорт министрлігінің құрамына өткізді. Қазіргі кезде түсініспеушілік бар. Спортшылардың жалақысы төленбей жатыр, қаржыландыру тоқтатылды дейді. Иә, шынымен де, біз жағдайдың анық-қанығына жеткенше қаржыландыруды тоқтаттық. Ол жерде ақшаның сомасы өте үлкен. Біз болсақ, қаржының ашықтығын қалаймыз», - деді Мұxамедиұлы кеңейтілген алқа мәжілісінде.</span>

<span>Министрдің айтуынша, бүгінде «Астана» президенттік клубының қамқоршылық кеңесі құрылып жатыр. Оған танымал спортшылар, депутаттар және тағы басқа азаматтар кіреді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или