Какау: Дугласты келесі ойынға алып қойдым

Какау: Дугласты келесі ойынға алып қойдым

«Қайраттың» бапкері Еременко кубогының екінші турындағы «Никарсқа» қарсы ойын жайлы әсерімен бөлісті.

«Бірінші таймды жақсы өткіздік, ал екіншісінде ойнауды қойдық. Бұл туралы киім ауыстыратын бөлмеде айтқанмын. Дугласты өте аз пайдаланғанымды көрдіңіздер, соның кесірінен ойынымыз өзгерді. Дугласты келесі ойынға алып қойдым. Бірақ, өкінішке қарай, басқа ойыншылар өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Еременко кубогының маңыздылығын ауызбен айта салу қиын, УЕФА Кубогынан кейін бұл турнир біз үшін маңызды», - деді Какау.

Естеріңізге сала кетсек, халықаралық Еременко кубогының екінші матчында «Қайрат» латвиялық «Никарсты» 7:3 есебімен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или