Футзал

«Қайрат» «Никарсты» тас-талқан етті

«Қайрат» «Никарсты» тас-талқан етті
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайраттың» футзалшылары Еременко кубогының екінші турында қарсыласын тас-талқан етті.

Алғашқы жекпе-жекте алматылық ұжым қарсыласынан ұтылып қалған болатын. Ал екінші кездесуде «Қайрат» латвиялық «Никарспен» ойнады.

Какау шәкірттері қарсыласының қақпасына үзіліске дейін алты гол соғып тастады. Тайеби матчтың 1 және 3-минуттарында гол соғып, бірден дубль жасады. Кейін Біржан Оразов есепті еселеді.

17-минутта Серік Жаманқұлов қанжығасын майлаған. Араға екі минут салып, Тайнан да мергендігімен көзге түсті. Ал таймның соңында Жаманқұлов екінші голын соқты. Осылайша, бірінші таймда «Қайрат» қарсыласын 6:0 есебімен жеңді.

Үзіліске дейінгі сенімді жеңіс қазақстандықтарды босаңсытып тастаса керек, екінші таймда «Қайрат» бар күшін салған жоқ. Бірақ матчтағы жетінші голды да алматылықтар соқты. 35-минутта Тайеби хет-трик авторы атанды.

Бұл голдан соң «Никарс» «Қайраттың» қақпасына үш гол соғып тастады. Қорытынды есеп – 7:3.

Еременко кубогы. 2-тур

«Никарс» (Латвия) – «Қайрат» (Қазақстан)

Голдар: 0:1 – Тайеби 1, 0:2 – Тайеби 3, 0:3 – Оразов 8, 0:4 – Жаманқұлов 17, 0:5 – Тайнан 19, 0:6 – Жаманқұлов 25, 0:7 – Тайеби 35, 1:7 – Икстенс 36, 2:7 – Сеньс 43, 3:7 – Аванесовс 44

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер