Футзал

«Қайрат» Еременко Кубогын сәтсіз бастады

«Қайрат» Еременко Кубогын сәтсіз бастады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Ресейдің Щелково қаласында футзалдан Еременко кубогы халықаралық турнирі басталады.

Аталмыш турнирдің үш дүркін жеңімпазы алматылық «Қайрат» жарысты ресейлік «Норильский Никель» командасына қарсы өткізеді.

Кездесу қазақстандық команда үшін сәтті басталды деуге келмейді. Есепте бірінші болып ресейлік команда алға шықты.

Дегенмен алматылық команда бірінші таймның өзінде қос гол соғып есепте алға шықты. Бірінші таймның қортындысы 2:1.

Екінші тайм қазақстандық ұжымның айқын басымдығымен басталғанымен ресейлік команда есепті теңестіре алды. «Қайрат» клубы тайлы тұяғағымен шабуылға шығамын деп қақпаларына үшінші голды жіберіп алды.

Есепте алға шыққан ресейлік команда шабуылды ұмытып өз қақпалары маңында табандап жатып алды. Ойын аяқталуға бір минут қалғанда ресейлік команда төртінші голын соғып кетті. Алматылық ұжымның қолынан келгені бір доп соғу болды. Осылайша «Қайрат» турнирдегі алғашқы ойында жеңіліс тапты.

«Қайрат» - «Норильский Никель» 3:4 (2:1)

Голдар: Дуглас 7, Тайеби 16, Игита 50 - Гончаров 4, Сытин 32, Костыгин 39, Сергеев 49

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер