«Қайрат» футзал клубының Еременко кубогына қатысатын құрамы

«Қайрат» футзал клубының Еременко кубогына қатысатын құрамы

Бүгін таңертең алматылық «Қайрат» футзал клубы Еременко кубогына қатысу үшін жолға шыққан болатын, деп хабарлайдың prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған турнир Ресейдің Щелково қаласында өтеді. Естеріңізде болса, қазақстандық клуб аталған кубокты бұған дейін үш мәрте жеңіп алған болатын.

Алматы-Мәскеу бағытында жолға шыққан команда мүшелері діттеген жеріне аман-есен жетіп, кешке қарай алғашқы жаттығуларын бастап та кеткен көрінеді.

«Кайраттың» Еременко кубогы – 2018 турниріне қатысатын құрамы:

Қақпашылар: Игита, Дуду

Алаңдағы ойыншылар: Алешандре, Дінмұхамет Сүлейменов, Серік Жаманқұлов, Михаил Першин, Біржан Оразов, Эдуардо, Тайнан, Тайеби, Даниэль, Лео, Дуглас

Жарақаттарына байланысты Дәурен Нұрғожин мен Шыңғыс Есенаманов Ресейге аттанған жоқ. Есесіне, «Жетісу» ойыншысы Біржан Оразов алматылықтардың қатарына қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» ертең алғашқы кездесуін өткізеді. Қарсыласы ресейлік «Норильского Никеля» командасы.

Матч Астана уақытымен сағат 23:00-де басталады. Ойынның тікелей көрсетілімі клубтың ресми сайтында болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или